Жаңалықтар 16.05.2021 сағат 16:33

БҚО-да екі жүк көлігі соқтығысып, 2 адам мен 39 жылқы өртеніп кетті (ВИДЕО)

40 жылқы тиелген тіркемесі бар Камаз бен түрік нөмірлері Mercedes-Benz Actros жүк көлігі соқтығысты.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Батыс Қазақстан облысында ауыр жүк көліктерінің соқтығысуынан екі адам мен 39 жылқы қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 15 мамырда сағат 23:56-да Қаратөбе ауданындағы Самара-Шымкент тас жолының 464 шақырымында болған.

"40 жылқы тиелген тіркемесі бар Камаз бен түрік нөмірлері Mercedes-Benz Actros жүк көлігі соқтығысып, өрт пайда болған. Ауыр жүк көліктері толығымен жанып, 39 бас жылқы өртенді. Автокөліктерден өртенген екі мәйіт алынды, бір адам түрлі жарақаттармен Сырым ауданының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендердің жеке басы анықталуда", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, өрт сағат 04:47-де сөндірілді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар