$ 498.34  519.72  4.85

Жұмысшылар жаппай уланған асханада тексеріс басталды

Тамақтан уланғандардың алтауы аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылған.
Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz

Санитар дәрігерлер Батыс Қазақстан облысындағы мұнай-газ компаниясы қызметкерлерінің асханадан жаппай улану дерегін тексеруді бастады.

«Хабар 24»-тің хабарлауынша, ақ халаттылардың мәлімдеуінше, тамақтан уланғандардың алтауы аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылған. Екеуі кейіннен жағдайына байланысты жансақтау бөліміне ауыстырылыпты. Бұдан бөлек, үш науқас амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдерінің айтуынша, барлық науқастың жағдайы орташа ауыр дәрежесінде.

aikyn.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары