$ 494.87  520.65  4.91

Орманға баруға тыйым салынады: СҚО-да жаңа қаулы қабылданды

Өртке қауіпті маусымда орманға барғандарға 50 АЕК-ке дейін айыппұл салынуы мүмкін.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындарға орманға баруға тыйым салынбақ. Қаулы 22 мамыр күшіне енеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім жетекшісі Айнар Махметованың айтуынша, жаңа қаулыны қабылдаудағы мақсат – ең алдымен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

«Орман өрті салдарынан көрші өңірлерде бірнеше рет адам өлімі тіркелді. Осыған байланысты басқарма қаулыны әзірлеп, облыс әкімі оған қол қойды. Бұл қаулы жеке тұлғаларға қатысты, оларға өрт қаупі жоғары маусымда мемлекеттік орман қоры аумағына баруға тыйым салынады. Шырпыны сөндірмей тастаудың салдарынан қаншама алқап өртенуі мүмкін. Ал орман қалыпқа келуі үшін 50 жыл керек», - дейді Айнар Махметова.

Құжат 22 мамыр күшіне енеді. Қаулының орындалуын мобильді топтар қадағалайды. Құрамында тәртіп сақшылары, төтенше жағдай қызметінің мамандары және орманшылар болады.

«Өртке қауіпті маусымда орманға барғандарға 50 АЕК-ке дейін айыппұл салынуы мүмкін. Әрине ауа райының жағдайы есепке алынады, күн ыстық болса, жел тұрса мобильді топтар рейдке шығып, заңсыз жүргендерді анықтайды», - дейді бөлім жетекшісі.

Жалпы өңірде жыл басынан 12 орман өрті тіркелді. Орман өртінің шығуы бойынша, СҚО республикада 7 орында тұр. Ең көп өрт Алматы, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының ормандарында тіркелген.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары