Жақында қырқынан шыққан балалардың әкесі Ұлттық академиялық кітапханада жұмыс істейді. Егіздердің есімін кітапхана директоры Үмітхан Мұңалбаева қойған деп жазады kaz.nur.kz. ⠀ Егіздер 30 наурызда дүниеге келген. Ұлдардың туған кездегі салмағы 2,3 кг және 2,1 кг болыпты. Ал бойлары бірдей — 48 см-ден. Нәрестелердің ата-әжесі немерелері мен келінін қырқынан шыққанша күтіп-баптауды өз мойнына алған. Ата-анасының сөзінше, қазір балалардың хал-жағдайы жақсы. ⠀ «Егіздер наурыздың 30-ында дүниеге келді. Әкелері Жанболат Кәдірбек — Ұлттық академиялық кітапханада программист болып істейді. Жасы 28-де. Егіздер туғанда кітапхана басшысы аттарын Қасым, Жомарт деп қою туралы ұсынысын айтты, біз келісе кеттік. Ұлым енді үш баланың әкесі болды», — дейді Кәдірбек Мұратбек. ⠀ Отағасының сөзінше, олар Қазақстанға 2007 жылы Моңғолиядан көшіп келген. ⠀ «Талапкерде өзіміз тұрғызған шағын үйде тұрып жатырмыз. Ал ұлым отбасымен Нұр-Сұлтанда пәтер жалдап тұрады. Қазір уақытша келінім мен немерелерімді қырқынан шығарғанша жанымызға алғанбыз», — дейді егіздердің атасы Кәдірбек Мұратбек.
Қасым мен Жомарт 15 мамырда қырқынан шықты, отбасы мүшелері жақындарын шақырып, шілдеханасын өткізді.