17.05.2021, 19:20

Imanbek америкалық 50 Cent-тің хит әніне ремикс шығарды

Тректі барлық музыкалық платформадан тыңдауға болады.

«Гремми» сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов америкалық рэп орындаушы 50 Cent-тің In Da Club композициясына ремикс шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы ақпарат қазақстандық диджейдің Instagram-дағы парақшасында пайда болды. Тректі барлық музыкалық платформадан тыңдауға болады.

Бұған дейін Иманбек ұлыбританиялық әнші Cher Lloyd-пен бірге Baddest атты жаңа трек жазған болатын.

Сондай-ақ, қазақстандық диджей Morgenstern және Fetty Wap-пен трек шығарды. Композиция Leck деп аталады.