$ 447.4  477.55  4.76

Шөкеевтің орынбасары қамауға алынды

Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша іс қозғалған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Әлеуметтік желілерде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің парамен ұсталғаны жайлы ақпарат тарап жатыр.

Бұл хабарды алғашқылардың бірі болып белгілі заңгер Айгүл Орынбек өзінің Ғасebook парақшасында бөлісті, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы.

"Әлеуметтік желілерде Шөкеевтің орынбасары ұсталды деп жазып жатыр. Мира Муслим, рас па?", - деп жазды заңгер.

Артынша өзге де тәуелсіз ақпарат көздері Мейіржан Мырзалиевтің ұсталғаны туралы ақпаратты растап, тергеу басталғаны туралы хабар тарата бастады. Бүгін Nege.kz порталы осындай бірқатар телеграмм-каналдардың дерегіне сүйеніп Түркістан облысының әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевке қатысты Жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу бастағанын хабарлады.

Аталмыш дерек көзінің жазуынша, Шөкеевтің орынбасарына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша іс қозғалған. "Кейбір деректер қарағанда, М.Мырзалиевтен бөлек, Түркістан облыстық әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы мен оның қарамағындағылар және бұларға қатысы бар ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жетекшісі де істі болған.

Мейіржан Мырзалиев денсаулығына байланысты анықтама алғандықтан, жұмысына қатысты міндеттемелерден босатылған. Мұны «Шөкеев істі болған орынбасарын жұмыстан босатты» деуге бола ма, жоқ па, оны алдағы күндері білетін боламыз.

«Төбесінің тесігі бар» сарапшылар Мырзалиевке қатысты бұл оқиғаны Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің соңғы кездегі белсенділігімен байланыстырады. Өйткені «келесі премьер Шөкеев болуы мүмкін...», «Шөкеев Алматыға әкім болып келеді екен...» деген әңгімелер желдей есіп тұр.

Қалай болғанда да, бұл жуырда ғана жұмысына Елбасының өзі қол соққан мақтаулы әкім Өмірзақ Естайұлына оңай соққы болмайын деп тұр.

Жаңа әкімдіктің дәл іргесін «қазып» шыққанына қарағанда, Шөкеевтің қарсыластары да оңай-оспақ болмаса керек, сірә...", - деп жазады аталмыш дерек көзі. 

Тағы оқи отырыңыз: Мейіржан Мырзалиев Түркістан облысы әкімінің орынбасары боп тағайындалды

Мейіржан Иябайұлы 1980 жылы туған. Еңбек өтілін Алматы әкімдігінің құрылыс басқармасында бас маман болып бастапты. Одан кейін Премьер-министрдің канцеляриясында, Қостанай облысы әкімдігінде лауазымды қызметтер атқарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары