$ 448.15  483.46  4.86

Тікұшақ құлап, бір адам көз жұмды

Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта ұшқыш және үш аңшы болған.
фото: ашық дереккөзі
фото: ашық дереккөзі

Ресейде «Робинсон» тікұшағы құлап, бір адам көз жұмып, екеуі жарақат алды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. 

Ресейдің Солтүстік-Батыс көлік прокуратурасы келтірген алдын ала мәліметтер бойынша, 17 мамырда «Робинсон-44» тікұшағы Мәскеу уақытымен 15:15-те Васьково әуежайынан ұшып шыққан. Тікұшақ әуежайда жанармай құйған. Ал 15:42-де әуе кемесі Архангельск облысы Мудьюг аралының солтүстік бөлігіне қонған. 21:25-те Мудьюг аралының жағалауынан 1,5 км қашықтықта тікұшақтың құлағаны туралы хабарлама келді.

Апат салдарынан бір адам қаза тапты, екеуі жарақат алды, біреуі хабар-ошарсыз кетті.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта ұшқыш және үш аңшы болған. Оқиға фактісі бойынша Ресей Федерациясы ҚК 263-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғалды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#апат #тікұшақ