$ 448.89  477.93  4.76

«Ауруханада жатыр»: Шөкеевтің орынбасарына қатысты ақпаратқа ресми жауап берілді

Мейіржан Мырзалиевтың ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғаны жайлы ақпарат тараған болатын.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

17 мамырда бірқатар телеграм-каналда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтың ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғаны және үстінен қылмыстық іс қозғалғаны жайлы ақпарат тарады.

Бүгін облыс әкімдігінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты жауап берді, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мырзалиев Мейіржан Иябайұлы ресми түрде еңбек демалысында. Ол гипертониялық криз диагнозымен облыстық ауруханалардың бірінде. Артық түсініктемелерден аулақ болуыңызды өтінеміз. Қосымша ақпарат кейінірек беріледі», - делінген ақпаратта.

Мейіржан Мырзалиев Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып 2019 жылдың наурызында тағайындалды.

1980 жылы дүниеге келген Мейіржан Иябайұлы 1998-2002 жылдары Қазақ мемлекеттік заң университетін заңгер, 2005-2006 жылдары Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін экономист, 2010-2011 жылдары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, 2014-2016 жылдары Дьюк университетін халықаралық саясат магистрі мамандығы бойынша білім алған.

Мырзалиев 2017 жылдың қаңтар айынан бастап 2019 жылдың наурызына дейін Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары