Өткен дүйсенбіде елдің оңтүстік өңірінде тағы бір сыбайлас жемқорлық жанжалы шықты. Бұл жолы арнайы органдардың назарына соңғы екі жылда Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып жүрген 40 жастағы Мейіржан Мырзалиев ілікті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тергеу мәліметтері бойынша, оған осы жылдың көктемінде осы аймақтың мемлекеттік кәсіпорындарына тракторлар жеткізуге бірнеше конкурста жеңіске жеткен компаниядан 2 миллион теңге бөлінген. Шенеуніктің үстінен арызды компания өкілдері өздері жазған.
Time.kz сайтының мәліметінше, «Композит Групп Казахстан» ЖШС Түркістан облысы әкімдігінің түрлі құрылымдық бөлімшелерінің тұрақты мердігерлерінің бірі саналады. Компания біздің елде Беларусь техникасын, оның ішінде трактор сатумен айналысады. Тек 2021 жылы ғана бұл фирма Түркістан мемлекеттік кәсіпорындарына ондаған бірлік техника жеткізген. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жалпы сомасы 60 миллион теңгеге 7 «Белорус-922.3» тракторын сатып алған. Ашық дереккөздерде Түркістан облысында тек осы жылы «Композит Групп Казахстан» жеңіп алған бес конкурс бойынша ақпарат бар. Сатып алудың жалпы сомасы-шамамен 200 миллион теңге.
Бұл жемқорлық фактісі жөнінде белгілі заңгер Айгүл Орынбек те өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
Шөкеевтің орынбасары 2 миллион пара алды деген күдікке ілінген. Бір қызығы, 17 мамыр күні денсаулығына байланысты демалысқа кеткен. Оның қәзіргі статусы белгісіз дейді. Шөкеев басқарған уақытта, жемқорлық болмаған деп дөп айтудың қажеті жоқ. Періште көкте ғана! Дәл осы Шөкеевтің басқару уақытысында жемқорлыққа қатысы бар деп спорт басқармасының басшысы Қырықбаев 2 миллиардтан астам ақшаны жеп қойған деген күдікпен қамауға алынып, қәзір тергеу жүріп қасында бірге жегендер де қамалып жатыр",- дейді ол.
Сонымен қатар заңгер Түркістан өңіріндегі жемқорлық оқиғаларының асқынып тұрғанын атап өткен.
"Білім саласы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті 9,5 миллиард мемлекет бюджет талан-таражға салғаны экспертизамен анықталып, енді нәтижелі ісін бергелі отырғанда, прокуратура жемқорлыққа қарсы агенттіке ауыстырып жіберіп, іс созбалаңға салынып жатыр деп шағым айтушылар көмек сұрап келген.
Түркістан медиа қаржы саласындағы біраз былықты осы жерде бұрын жұмыс істеген қызметкерлер бөлісті.Салынған үйлердің сапасын да көрдіңіздер.
Мақтааралда су шайып, үйлер салынып жатқанда, құрылысшы жігіттер «жоғарыдағылар 18-20% пайыз откат сұрап жатыр», деп ашық айтқан. Түркістанда жемқорлық жоқ емес, бар. Тек қана жемқорлықпен күресетін агенттік жоқ.
Жемқорлармен күресу үшін Астанадан келіп ұстау керек! Хаким Көшқалиев, дұрыс па?
Өзіңіз басқарған уақытта ірі шенеуніктерден кімдерді ұстадыңыздар?
Білім саласында пәленбай миллион хищение бар деген істі тергеп тексере алмай отырсыздар!
Орынбасарына қатысты істі жауып жіберсе таң қалмаймын, миллиарттап жеген істер шешімін таппай жатқанда, лимон әңгіме болып па?
Ертең-ақ құтылып кетеді.
Бұл Жемқорлық жайлаған Қазақстан емес пе?!" - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.