Жаңалықтар 18.05.2021 сағат 17:20

Астанада бетперде тақпаған 1665 адамды автобустан түсіріп кеткен

Өкінішке қарай, бетперде тақпайтын, тағудан бас тартатын жолаушылар бар.
Астанада бетперде тақпаған 1665 адамды автобустан түсіріп кеткен
фото: inform.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көлікте бетперде тағу режимі қолданылады. Бүгінге дейін бұл тәртіпті орындаудан бас тартқандарға тиісті жаза қолданылғандары да бар, деп хабарлайды NEGE елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері жолаушылардың автобустарда бетперде тағуын күнделікті тексереді. Өкінішке қарай, бетперде тақпайтын, тағудан бас тартатын жолаушылар бар. Жыл басынан бері көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері бас санитарлық дәрігердің қаулысын бұзған 5 мыңнан астам жолаушыны анықтады. 1665 адам автобустан түсірілді.

«Құрметті жолаушылар, қоғамдық көлікте бетперде тағу режимін сақтау туралы тағы да ескертеміз. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді», — деп жазылған департамент хабарламасында.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар