$ 449.58  486.94  4.86

Әлия Молдағұлованың еш жерде жоқ суреті табылды

Әлия құрбысымен 12 жасқа дейін Бұлақ ауылында бірге оқыған.
фото: Stan.kz
фото: Stan.kz

Ақтөбе мұражайы Әлия Молдағұлованың бұрын жарияланбаған суретін тапты. 17 жастағы батыр қыздың суреті оның сыныптасының мұрағатынан анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

Әлия құрбысымен 12 жасқа дейін Бұлақ ауылында бірге оқыған. Бірақ кейін Ленинградқа көшіп кеткен. Десек те ол досымен хабар үзбей, хат алмасып тұрған. Осындай хаттардың бірінде Әлия өзінің майданға аттанар алдында түскен суретін салып жіберіпті. 

"Әлияның суреттері өте аз. Біздің экспозицияда оның әскери билетіндегі бір ғана кішкентай фотосурет, сондай-ақ балалар үйінде және Артектегі демалыс кезіндегі суреттері бар. Әлияның бой жеткендегі суреттері жоқтың қасы. Фотосуретті алған бойда, біз фотосуреттің шынайылығын дәлелдеу үшін зерттейміз", - деді Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлім басшысы Гүлбаршын Ерғалиева. 

Суретке шамамен 80 жыл болған. Фотосуреттің көшірмелері тарихшыларға жіберілді. Тиісті зерттеулерден кейін сурет Ақтөбе облыстық музейінің қорына берілмек.

Айта кетейік, Әлия Молдағұлова Псков облысында болған соғыста қаза тапты. Соғыста мерт болған мергенге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары