$ 448.15  483.46  4.86

Қазақстанда коронавирустың үндістандық штамы табылғаны рас па?

Қазір Үндістанмен тікелей рейстерге тыйым салынған.
Фото: russian.rt.com
Фото: russian.rt.com

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың үндістандық штамы табылмағанын мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазір Үндістанмен тікелей рейстерге тыйым салынған. Сонымен қатар, Үндістаннан келгеннің бәрі оқшауланып, 14 күн бойы бақылауда болуы керек деген қаулы бар. ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен болса да. Сонымен қатар, бүкіл штамм - үндістандық, ұлыбританиялық немесе басқалары - ПТР-сынамасының анықтамасына осал. Қазіргі уақытта елге ПТР-анықтамасынсыз келуге тыйым салынған", - деп жауап берді Алексей Цой сенаттың жалпы отырысында депутаттың сұрағына.

Министр елімізде ай сайын вирустарды өлшеу және жүйелеу жүргізіліп жатқанын айтты.

"Қазіргі уақытта Қазақстанда үндістандық штамм анықталған жоқ. Бірақ ай сайын осындай өлшеулерді жүргіземіз", - деді ол.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов шектеулер Мальдив аралдарына да қатысты екенін айтты.

"Мальдив аралдарында мыңға жуық қазақстандық бар. Біз ол жақтан барлық рейске толық шектеу енгіздік, өйткені Қазақстанға үндістандық штамының әкелінуіне жол бермеу үшін барлық шараны қолдануымыз керек", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары