$ 494.87  520.65  4.91

Киік лағының адам құшақтағаннан өліп қалатыны рас па?

«Охотзоопром» РМКК Ақмола облысы бойынша филиалының инспекторы Жүсіп Құсайынов «киіктің лағы адам құшақтағаннан өліп қалады» деген мәселеге қатысты жауап берді.
Фото: Сәкен Ділдахмет
Фото: Сәкен Ділдахмет

Әлеуметтік желіде құралайды құшақтап суретке түскен жандардың әрекеті қызу талқыланып жатыр. Кей желі қолданушылары «адам құшақтаған құралайды енесі де, басқа киік те қайтып емізбейді» деген уәж айтқан. Тағы бірі «адам алақанының уыты жұғып, құралай өліп қалуы мүмкін» дегенді алға тартады.

Экология министрілігінің ресми өкілі Самал Ибраева Ақмола облысында Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті рұқсат берген фототүсірілімге қатысты жауап берді, деп жазады Азаттық рухы.

Осы жағдайға байланысты киіктердің төлдеу маусымында видео-фототүсірілімдерге мүлдем тыйым салатын арнайы құжат әзірлеуге басшылылққа өтініш берілмек. Себебі, қазір ондай нақты регламент жоқ екен.

«Охотзоопром» РМКК Ақмола облысы бойынша филиалының инспекторы Жүсіп Құсайынов «киіктің лағы адам құшақтағаннан өліп қалады» деген мәселеге қатысты жауап берді.

«Менің осы қызметте жүргеніме 4 жыл болды. «Киіктің лағын адам ұстаса, ол өліп қалады» деген қауесетке сенбеңіздер. Кейде жол бойында жатқан құралайды ұстап, көтеріп, басқа киіктердің артынан бағыттап жібереміз. Осыдан екі жыл бұрын бинокльмен бақылап, сол лақты ар жақтан енесі келіп емізген. Адамның иісі қалады, енесі қабылдамай қояды деген қауесетке сенбеңіздер. Бірде-бір киіктің лағы зардап шеккен жоқ. Мен көзіммен көргенді, жеке тәжірибемнен айтып отырмын», - деді ол.

Оқи отырыңыз: Құралай деген қандай жаратылыс?

Еске салайық, 13 мамырда Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті БАҚ өкілдерін жинап, Бетбақдаладағы киіктер популяциясы, оларды қорғаумен айналысып жүрген инспекторлардың жұмысы, Қызыл кітапқа енген дала жануарының төлдеу маусымымен таныстырған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары