$ 443.85  474.3  4.8

«Жалпы ер азаматсыз ба?»: Шымкентте мәслихат депутаты қоғам белсендісін сотқа берді

"Жалпы ер азаматсыз ба?" деп сұрау намысқа тию болып табылмайды, Нұрғазы Бұхарбай мырза!
Фото: коллаж
Фото: коллаж

Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Нұрғазы Бұхарбай "Жалпы ер азаматсыз ба?", - деп сұрақ қойған қоғам белсендісі Олжас Мамырды сотқа берді. Бұл туралы заңгер Айгүл Орынбек Facebook-тегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Нұр Отанның депутатына "жалпы Ер азаматсыз ба?" деп сұрақ қоюға болмай ма?

"Жалпы Ер азаматсыз ба? - деп сұрақ қойғаны үшін қоғам белсендісі, жас азамат Олжас Мамырды, халық қалаулысы сотқа беріпті!

Ар-намысыма, қадір қасиетіме тиді деп жазыпты.

"Жалпы ер азаматсыз ба?" деп сұрау намысқа тию болып табылмайды, Нұрғазы Бұхарбай мырза!

Халықтың сөзін сөйлеуге сайланып, әкімдіктің сөзін сөйлеп жүргеніңіз үшін намыстанбай, сізге сұрақ қойғанға намыстанып қалғансыз ба?

Әлде біздің Шымкент қаласының депутаттарына қарай сұрақ қоюға болмай ма?

Арқаңыздан өсіп келе жатқан жастарды қолдап, жол көрсетудің орнына, сотқа сүйрелеп не үлгі көрсетіп отырсы??", - деп жазды заңгер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары