$ 443.35  475.54  4.82

Қазақтың шапанын киіп, қара жорға билеген бразилиялық футболшылар елді сүйсінтті (ВИДЕО)

Кадрдан бразилиялық футболшылар - Синезио, Антонио Далтон, Эвертон, Эрик Данило, Манеку және Келсон Винисиустың қазақтың ұлттық киімімен жүргенін байқауға болады.
Фото: @mfcatyrau_official
Фото: @mfcatyrau_official

Әлеуметтік желіде Қазақстан біріншілігінде өнер көрсететін бразилиялық футболшылардың шапан киіп, қара жорға билеген сәті тарады. Видеоны Атырау кіші футбол клубыны Instagram-дағы ресми парақшасында жариялады.

Кадрдан бразилиялық футболшылар - Синезио, Антонио Далтон, Эвертон, Эрик Данило, Манеку және Келсон Винисиустың қазақтың ұлттық киімімен жүргенін байқауға болады. 

«Дәстүр бойынша, еліміз үшін қадірлі мейманның еңбегі ескеріліп, жергілікті халықтан шапан сыйлыққа алады. Біз де Бразилиядан келген қонақтарға шапан тарту еттік», - делінген хабарламада. 

Өз кезегінде Пеленің жерлестері алғысы ретінде қара жорға билеп, көпшіліктің көңілін көтерді. Бұны көрген желі оқырмандары футболшылардың шапанға лайықты екенін жеткізді. 

«Бұл бразилиялықтар сый құрметке лайықты», «Кіші футболдан Атырау клубының Чемпиондар лигасына шығуына үлкен еңбек сіңіргені үшін рақмет", «Жігіттер жарайсыздар, құттықтаймын», деді олар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары