$ 446.49  475.38  4.79

Актер Фархад Әбдірайымов қайтыс болды

Ол қаңтарда 55 жасқа толған еді.

Актер Фархат Әбдірайымов қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Telegram каналына сілтеме жасап.

«Грузияда фильм түсірілімінде үлкен актер және жақсы адам Фархат Әбдірайымов қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Қаңтарда ол 55 жасқа толған еді.

Фархад Нұрсұлтанұлы Әбдірайымов 1966 жылы 21 қаңтарда дүниеге келген. Алматы технологиялық институтын 1988 жылы бітірген.

Актер ерте жастан киноға жақын болғысы келген, алайда бала кезінде кинотеатрда бақылаушы болуды армандаған көрінеді. Бірақ жасөспірім кезінде ол технологиялық институтқа инженер-технолог ретінде оқуға түседі. Кейін «Турист» мейрамханасының директоры болады. 

Фархад Әбдірайымовтың ерекше келбеті мен харизмасы 1996 жылы шыққан «Шанхай» фильмінде көрініс тапты. Кейін актер кейіпкерлерін сомдаған басқа да фильмдер түсірілді:

«Любовь под прикрытием»;
«Застава»;
«Фара»;
«Анажан»;
«Статья на двоих».

Бірнеше рет түрлі марапаттар мен сыйлықтарға да ие болды. Олардың ішінде «Жыл киножұлдызы»(2000), «Күміс Георгий» (1999) және т.б.

Ол сонымен қатар, 1994 жылдан-Ш.Айманов атындағы Қазақ кинофабрикасының актері (қазіргі Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ).

2001 жылдан-ҚР Бильярд спорты федерациясының вице-президенті.

2005 жылдан-Қазақстан Республикасы Кинематографистер одағының мүшесі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары