$ 494.87  520.65  4.91

Жамбыл облысында сел жүріп, ауылдарды су басып қалды (ВИДЕО)

Тасқыннан тас жолдар мен көпірлер қирап, 11 үйге зақым келді.

Жамбыл облысында нөсер жауыннан сел жүріп, алты ауыл су астында қалды. Таудан аққан судың ағысы қатты болғаны соншалық,  малды да ағызып әкеткен. Тасқыннан тас жолдар мен көпірлер қирап, 11 үйге зақым келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Тұрғындар құтқарушылар түн ортасында келіп, түк бітірмей кетті деп ашулы. Бұршақ аралас нөсер жауын кешкі жетілер шамасында басталып, арты ағысы қатты селге айналған. Екі кештің ортасында ауыл тұрғындары әбігерге түскен.

Тұрғындар «мұндай табиғи апаттар жылда қайталанса да жергілікті билік қол қусырып отырады» деп күйінеді. Қазір де тұрғындар қызыл су астында қалған қора-қопсы, ауласын өзі тазартып жатыр. Әзірге табиғи апат салдарынан келген шығын көлемі белгісіз.

«Жалпы 11 тұрғын үйді су басу оқиғасы болды. Судың жалпы деңгейі оннан отыз сантиметр аралығында болды. Ауладағы сулар арық жүйелері арқылы ағып кетті. Бұдан бөлек, жауын салдарынан Өрнек ауылдық округіне қарасты көпірге зақым келді.Қазіргі таңда жүк көліктеріне жүруге тиым салынды», - деді Жамбыл облыстық ТЖД басқарма бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Гүлнар ЖАМАНТАЕВА.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары