$ 444.22  476.38  4.82

Павлодар тұрғыны жұмыртқа лақтырып ластаған Абай ескерткішін жуды

Instagram-да жарияланған видеода жігіт қолына шелек пен шүберек алып тұғырды жуғанын көруге болады.

Абай Құнанбаевтың ескерткішіне жұмыртқа лақтырған павлодарлық бұзақылық жасағаны үшін видеода кешірім сұрады, кейін ластаған жерін тазалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

 

Instagram-да жарияланған видеода жігіт қолына шелек пен шүберек алып тұғырды жуғанын көруге болады.

"Кеше қателесіп, Абай Құнанбаевтың ескерткішіне жұмыртқа лақтырдым. Кінәмді өтеу үшін ескерткішті өз еркіммен жууды ұйғардым. Павлодар мен Павлодар облысының барлық тұрғынынан кешірім сұраймын. Мұндай қателік жасамаңыздар", - дейді жігіт.

Еске салайық, 21 жастағы павлодарлық облыс әкімдігі маңында орнатылған Абай ескерткішіне жұмыртқа мен дәретхана қағазын лақтырған болатын. Ол мұны құрбысымен жанжалдасып қалғаннан кейін ашуға беріліп жасағанын айтты. Жігіт сол кезде мас болғанын мойындады.

Полиция қызметкерлері ұсталған адамға ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік материал толтырып, сотқа жолдады.

Оған қоса, жігітке ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша қоғамдық орында мас күйде болғаны үшін бес айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары