22.05.2021, 13:47

Жүкті әйелдерде «Спутник V» препаратына жағымсыз реакциялар анықталған жоқ

Орталық ғалымдары жүкті әйелдерде вакцинаны қолдану қауіпсіздігін бағалау үшін сүтқоректілерге қосымша клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізді.

Жүкті әйелдерде «Спутник V» препаратына елеулі жағымсыз реакциялар анықталған жоқ. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

«21 жүкті әйелге жүргізілген коронавирусқа қарсы вакцинаны зерттеу барысында ауырдың асқыну жағдайлары байқалған жоқ», - деп хабарлады Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми орталығы.

Осыған байланысты, жүкті әйелдерді COVID-19 препаратымен вакциналау мүмкіндігі туралы мәселені қарастыруға басымдық берілуде. Себебі жүктілік кезіндегі ауру қауіп тудырады.

Сонымен қатар орталық ғалымдары жүкті әйелдерде вакцинаны қолдану қауіпсіздігін бағалау үшін сүтқоректілерге қосымша клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізді. Жүктілік кезінде вакцина алған жануарлар төлдеді. Жаңа туған жануарларды тексеру нәтижесінде патологиялық өзгерістер анықталған жоқ.

Гамалея атындағы ғылыми орталықтың директоры Александр Гинцбург «Спутник V вакцинасын қабылдағандардан алынған сарысу Сovid-19 вирусының әртүрлі генетикалық өзгертілген штамдарына тиімділігі бойынша зерттелетінін жеткізді. Зерттеу жұмыстары Италиядағы жетекші еуропалық Микробиология және пульмонология институтында өтеді деп жоспарлануда.

 

Гинцбургтің айтуынша, бұл жаңа штамдардың пайда болуына байланысты коронавирусқа қарсы вакцинация мерзіміне түзетулер енгізуге қатысты сұраққа ғылыми жауап болады.