21 мамыр мен 22 мамырға қараған түні Қытайдың әр жерінде жер сілкінісі болды. Қазіргі уақытта елдің оңтүстік-батысында күндіз болған жер сілкінісінен екі адам қаза тапқаны белгілі. Кеше кешке Қытайдың солтүстік-батысында тағы бір жойқын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Басылым елдің оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясында болған жер сілкінісінен екі адам қаза тауып, алты адам зардап шеккенін жазды.
21 мамырда Дали-Бай автономиялық округінің Янби уезінде 20-ға жуық жер асты дүмпуі болған, магнитудасы 6,4 ең күшті жер сілкінісі 21.48-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19.48) тіркелді.
Бірнеше сағаттан кейін Қытайдың солтүстік-батысында Цинхай провинциясында 7,4 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл жер елдің ең тығыз қоныстанған аймақтарының бірі болып саналады. Жер асты дүмпулері сенбіде түнде жергілікті уақыт бойынша 02.04-те (Нұр-Сұлтан уақытымен 00.04-те) тіркелді.