$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстанның бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қаулыға сәйкес, Қазақстан Республикасының барлық өңіріне мынадай кәсіпкерлік нысанда "Ashyq" жобасын іске асыру тапсырылды:

йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
спа-орталықтары;
сауналар, бассейндер;
PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
боулинг клубтары;
кинотеатрлар;
театрлар мен филармониялар;
асхана типіндегі объектілерді, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
бильярд клубтары;
концерт залдары;
ерікті қатысушылар;
караоке;
көрмелер;
океанариум;
марафондар;
көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы;
Алматы қаласының әуежайы;
(2021 жылғы 31 мамырдан бастап) Шымкент және Түркістан қалаларының және (2021 жылғы 7 маусымнан бастап) Ақтау және Қостанай қалаларының әуежайлары;
лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар.

Қаулыда сондай-ақ Ashyq жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмі, Ashyq жобасын енгізу және "сары/қызыл" мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмі көрсетілген. Сондай-ақ, жосықсыз қатысушыларды Ashyq-тан шығару рәсімі сипатталған.

Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары