$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде зейнеткерді аяусыз ұрып, ақшасын тартып алған

36 және 43 жастағы екі бұзақы ұсталған.

Ақтөбеде зейнеткер достарын үйіне қонаққа шақырған. Бірақ олармен бірге ере келген таныстары үй иесін байлап, зейнетақысын қолды еткен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеп.

Зейнеткер әйелі қайтыс болғаннан кейін бау-бақша ұжымындағы үйде жалғыз тұрады екен. Бір күні зейнектерге танысы қоңырау шалып, қонаққа шақыруын өтінеді. Танысы құрбыларымен қараңғы түскенде келген. Зейнеткер екі әйелді үйге кіргізіп, есікті жаппақшы болғанды тағы екі тұрғын басып кірген. 

Олар иесін ұрып-соғып, оның басына тұншығып, есін жоғалтуы үшін жаңбыр жамылғысын кигізген. Оның қол-аяғын байлап, ақша талап етіп, үйдің астан-кестең еткен. Қонақ болып келген әйелдердің бірі қарт зейнеткерген көмектесуге тырысқан. Бірақ өзі оңбай таяқ жеген.

Ақшаны қолды еткеннен кейін қарақшылар болған оқиға туралы  ештеңе айтпауды бұйырған. Олар кеткеннен кейін зейнеткер арқаннан босап, көршісіне жүгіріп, полиция шақырды. Ол зейнетақысынан жинап жүрген 80 мың теңгесін жоғалтып алғанын анықтады.

36 және 43 жастағы екі бұзақы ұсталып, қарақшылық шабуыл жасады деп айыпталды. Олар зейнеткердің үйінде болғанын мойындағанымен, оны ұрғандарын, ақшаын алғандарын жалтарды. 

Сот екеуін де қылмыс үшін кінәлі деп тауып, 8 жылға бас бостандығынан айырды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары