22.05.2021, 23:45

Оралда жас жігіт тоғызыншы қабаттан құлап кетіп, көз жұмды

Фото: ашық дереккөзі
Жас жігіт жедел жәрдем келгенше жан тапсырды.

Оралда жас жігіт тоғызыншы қабаттан құлап кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға бүгін, шамамен сағат 20.00-де Д.Қонаев шағынауданындағы 56-үйде болды.

29 жастағы жігіт кондиционер қондыру кезінде 9-қабаттан құлап кетіп, оқиға орнында қаза тапты.

Жедел тергеу тобы оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 20.03-те шақырылып, бригада екі минуттан кейін жетті.

Жас жігіт жедел жәрдем келгенше жан тапсырды. Ол кондиционер қондыратын жалдамалы жұмысшы болған.

Тегтер: Орал көз жұмды