Бір тәулікте елде 22 адам коронавирустан, 3 адам пневмониядан қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы ресми саны 371 015 адамға жетсе, 2020 жылғы 1 тамыздан бастап жүргізіліп келе жатқан пневмония статистикасына сәйкес, 54 605 адамнан пневмония анықталған.
22 мамырдағы ақпарат бойынша 35 211 адам коронавирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 12 822 пациент стационарда, 22 389 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Індетке шалдыққандардың арасында 701 адамның жағдайы ауыр, 172 пациенттің жағдайы өте ауыр, 95 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
2021 жылғы 9 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 1 969 033 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.