24.05.2021, 11:20

Тоқаев Айыртау ауданында салынған үйлердің сапасын тексеруді тапсырды

Фото: ашық дереккөзі
Тұрғын үйлер қоныс аударған азаматтарға арналып салынған.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігіне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қоныс аударған азаматтарға арналып салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеру туралы тапсырма берді, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

«Мемлекет басшысы «Казахстанская правда» газетінде 24 мамыр күні жарияланған «Заложники равнодушия» атты мақалада айтылған мәселеге назар аударды. Президент Әкімшілігіне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қоныс аударған азаматтарға арналып салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеру туралы тапсырма берілді. Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша тиісті шара қолданылады» делінген хабарламада.