24.05.2021, 15:00

«Селфи жасамақ болған»: Екі адам Есілге батып кетті

фото: orda.kz
Мағжан Жұмабаев атындағы колледждің мұғалімі мен студенті «Қарағай орманы» базасы маңындағы Есіл өзеніне батып кетті.

Солтүстік Қазақстанда селфи жасамақ болған екі адам суға батып кетті.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Мағжан Жұмабаев атындағы колледждің мұғалімі мен студенті «Қарағай орманы» базасы маңындағы Есіл өзеніне батып кетті.

Белгілі болғандай, 27 жастағы мұғалім мен 19 жастағы студент Есіл өзеніне батып кеткен. Олар мұнда суретке түсуге келген.

Куәгерлер «олардың аяқтары тайып, абайсызда суға құлап кеткен» дейді.

7152.kz порталы екеуі де суға ағып кеткенін анықтаған.