24.05.2021, 16:00

Түркістан қаласының әкімі Илон Маскқа ұсыныс жасады

Фото: коллаж
Түркістан - Tesla зауыты үшін ең үздік орын!

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов қалада Tesla зауытын салуды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол миллиардер Илон Маскке үндеу жолдап, Twitter-де жариялады.

Ол зауыт Қазақстанда болуы тиіс екенін атап өтті.

"Бізде Менделеевтің кестесі бар. Ұлы Жібек жолы Түркістан арқылы өткен. Сондай-ақ, бізде барлық қажетті инфрақұрылым бар. Түркістан - Tesla зауыты үшін ең үздік орын", - деп атап өтті ол.

Бірнеше күн бұрын Илон Маск Tesla-ның Қазақстанда ресми түрде пайда болғанын жариялады.

"Менің ойымша, біз Ресейде ашылуға жақын қалдық. Жалпы айтқанда, Қазақстанда, көрші өңірлерде де, - деді Маск.

Өнертапқыштың айтуынша, қазір компания Ресейді Электр машиналарын шығаратын зауыттарды орналастыруға мүмкін орындардың бірі ретінде қарастыруда.