$ 443.85  474.3  4.8

Көкшетауда табылған қыздар тағы да жоғалып кеткен

Олар осыған дейін де бір рет жоғалып, полиция тапқан болатын.
Фото: platon.asia
Фото: platon.asia

Көкшетауда жоғалып кеткен екі студент қыз іздестіріліп жатыр. Олар осыған дейін де бір рет жоғалып, полиция тапқан болатын, деп хабарлайды Inform.kz.

«Мамырдың 23-де сағат 20:59 кезінде Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне Солтүстік Қазақстан облысының 21 жастағы тұрғыны хабарласқан. Оның айтуынша, мамырдың 20-да кәмелет жасына толмаған 27 қыркүйек 2005 жылы туған сіңілісі Елена Александровна Борзун 9 қаңтар 2004 жылы туған құрбысы Марина Андреевна Прозеревамен бірге колледж жатақханасынан кетіп қалған. Содан бері олардың қайда жүргені белгісіз», – деді ведомстводан.

Студенттер биылғы мамырдың 19-да колледжден қашып, кейін арада 7 күн өткен соң туыстарына қайтып келген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары