$ 494.87  520.65  4.91

Елорда мектептеріне «бомба» қойған күдікті іздестірілуде

Қазіргі кезде мектептердің аумағынан адамдарды көшіру аяқталды. Жарылғыш зат табылған жоқ.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бүгін белгісіз біреулердің жарылғыш зат қойылғаны туралы білім беру мекемелерінің электронды пошталарына хат жолдағаны туралы полицияның «102» арнасына бірнеше шақырту келіп түскен, –  деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде мектептердің аумағынан адамдарды көшіру аяқталды. Жарылғыш зат табылған жоқ. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жарылғыш зат қойылғаны туралы қасақана жалған хабарлама үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Азаматтардан дүрбелең тудырмауды және мессенджерлерде жалған хабарламаны таратпауды сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары