Жаңалықтар 25.05.2021 сағат 19:17

Еуроодақ жетекшілері Лукашенко режиміне санкция салуға келісті

ЕОкеңесінің мәлімдемесінде Роман Протасевич пен қызы София Сапеганы босату туралы талап жазылған.
Еуроодақ жетекшілері Лукашенко режиміне санкция салуға келісті
Фото: reuters
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Еуроодақ жетекшілері Беларуське санкция салуға келісті. Атап айтқанда, белорус авиациясына одақтың 27 мемлекетінің әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Еуроодақ кеңесі ресми мәлімдемесінде барлық авиатасымалдаушыларды Беларусь аумағынан ұшпауға шақырған.

Еуроодақ жетекшілері жексенбі күні Грекиядан Литваға ұшқан жолаушылар лайнерінің Минскіге мәжбүрлі түрде қондырылуына жауап ретінде Лукашенко режиміне санкция салып отыр. Минск әуежайына ұшақ қонғаннан кейін Беларусь билігі Лукашенко режимін өткір сынап жүрген, билікке қарсы наразылыққа қатысқан журналист, блогер Роман Протасевичті ұстады. Ол Минскідегі тергеу изоляторына жеткізілді.

Еуроодақ кеңесінің мәлімдемесінде Роман Протасевич пен қызы София Сапеганы босату туралы талап жазылған. Мәлімдеме авторлары билік оларға еркін қозғалуына кепілдік берілуі тиіс деп санайды.

Ал Брюссель Азаматтық авиация жөніндегі халықаралық ұйымды (ICAO) оқиғаны дереу зерттеуге шақырды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар