$ 446.49  475.38  4.79

Қостанайда оқушы соңғы қоңыраудан кейін қайтыс болды

Өкінішке қарай, баланы құтқару мүмкін болмады.
Фото: ашық дереккөзід
Фото: ашық дереккөзід

Қостанайда бүгін соңғы қоңыраудан кейін №29 мектептің 15 жастағы оқушысы қайтыс болды. Бұл ақпаратты өңірдің Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Аlau.kz басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Аэрапорт шағын ауданындағы Тарелочка көлінде болған. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, сағат 10.30-да жедел жәрдем оқиға орнына жеткен. Сүңгуірлер оқушыны судан алып шаққаннан кейін дәрігерлер реанимация шараларын жасаған.

"Өкінішке қарай, баланы құтқару мүмкін болмады. Алдын ала мәлімет бойынша, бала суға секірген кезде мойнын жарақаттап алған. Өкпесінде су аз болды", - деді Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Білім басқармасындағылар қаза тапқан оқуышының туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы өкілдері осындай қайғылы оқиғалар қайталанбауы үшін жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызын ескертті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары