Жаңалықтар 26.05.2021 сағат 00:30

«Мен жәл...п емеспін, қалың малым 3 миллион теңге»: атышулы Qos Like бағдарламасының қатысушысы (ВИДЕО)

Себебі - пәкпін.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Еліміздегі атышулы "Qos LIKE" жобасының қатысушысы 18 жастағы Ақбота Исмаил "Сөйлесейік" YouTube арнасына ашық сұхбат берді.

"Мені бағдарламада әдейі хайп жасап талып қалды деп шығарды. Ол жерде менің қандай күйде болғанымды ешкім білмейді. Мен хайп үшін барған жоқпын, барарда мың ойланып бардым. Менің әрбір сөзім ол жерде хит болып кетті. Мен бірақ әдейі жасамайтын едім. Егер алдын ала ойлап жасасам, мүмкін соншалықты танылмас едім. Мені жеңіл жүрісті қыз, клубтың гүлі тіпті жәлеп деп айтқандарда болды. Және олар өзіміздің жақын адамдарымыз, нан алысып жүрген көршілеріміз. Кейіннен келіп кешірім сұрағандарда бар. Мен өзім білемін, өзімнің қандай екендігімді. Мен жәлеп емеспін, қалың малым 3 миллион. Себебі - пәкпін. Сол үшін ұялмай сондай қалың мал сұрай аламын" - деді Ақбота Исмаил.

Өзін желіде қаралап жатқандарға назар аудармайтындығын жеткізген Ақбота:

"Негативке толы адам, бақытсыз адам тек жаман сөздер айтады. Мен оларга тіпті мән беруге уақытым жоқ" - деп сөзін аяқтады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар