$ 444.22  476.38  4.82

Головкиннің қолғабы 55 миллионға сатылды

Қайырымдылыққа бағытталған іс-шара кезіндегі аукционда төрт ерекше лот ұсынылды.
Фото: @sabyfoundation
Фото: @sabyfoundation

Таяуда Алматыда Bvlgari зергерлік-сағат үйі мен «Сәби» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен қайырымдылық мерекелік кешкі ас өтті. 

Іс-шараның құрметті қонақтары атақты боксшы, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин және ресейлік UFC файтері, Хабиб Нурмагомедовтің досы Зубайра Тухугов болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Forbes Kazakhstan мәліметінше, іс-шарада қайырымдылық аукционы болды, онда төрт ерекше лот ұсынылды. Зергерлік-сағат үйінің амбассадоры Светлана Ходченкованың қолтаңбасы қойылған «Bvlgari. Рим қазынасы» эксклюзив албомы 1,1 миллион теңгеге сатылды. Питон терісінен тігілген Bvlgari сөмкесі 5 миллионға сатылды. Жанкүйерлердің бірі UFC экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің қолтаңбасы бар футболканы 16 миллион теңгеге сатып алды.

Қайырымдылық аукционының ең қымбат лоты Геннадий Головкиннің бокс қолғабы болды. GGG өзінің сыйлығын «Сәби» қорына сахнадан өзі табыстады. Бастапқы бағасы 500 мың теңге болған. Ең жомарт сатып алушы қолғап үшін 55 миллион теңге төледі, бұл рекорд саналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары