Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды, деп жазады Айқын.кз
Қарағанды облысында түнде найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетіп, күндіз 35 градус ыстық болады.
Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан секундына 18 метрге дейін жел соғып, ауа температурасы 38 градусқа жетеді. Сондықтан да өрт қаупі бар деп болжанды.
Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Батыс Қазақстан облысында – найзағайлы және бұршақты ауа райы қалыптасады. Аймақтың оңтүстігінде 38 градусқа дейін ыстық сақталады. Солтүстік-шығыс пен шығыстан соққан жел секундына 15-20 метрге жетеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде – найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Түркістан облысында да найзағай ойнап, шығыстан соққан желдің соңы шаңды дауылға ұласады.