$ 446.49  475.38  4.79

Қытайда қазақ композиторына көше аты беріліп, ескерткіш орнатылды

Қуанышты мәліметті композитордың қызы Алуа Байқадамова өзінің желідегі парақшасында жариялады.

Қазақ композиторы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Бақытжан Байқадамовқа Қытайда ескерткіш қойылды, деп хабарлады orda.kz.

Қазақстанда хор әні жанрының дамуына зор  үлес қосқан белгілі композитор Бақытжан Байқадамовқа  Қытайдың Гуанчжоу қаласында ескерткіш қойылып, көше атауы берілді.

Қуанышты мәліметті  композитордың қызы Алуа Байқадамова өзінің желідегі парақшасында жариялады.

— Гуанчжоуда біздің композитор әкеміз Бақытжан Байқадамов туралы естелік мәңгілікке жазылды. Бір көше оның құрметіне аталып, ескерткіш орнатылды. Ұлы Отан соғысы кезінде әкем Қытайдың ұлы композиторы Си Син Хайды құтқарған болатын, – деп жазды Алуа Байқадамова.

Ол «Жайлауға», «Біз бейбітшілік үшін», т.б. хорға арналған сюиталар, вокалдық композициялар, хорға арналған көлемді поэмалары — «Қыз арманы», «Айтыс», «Еңбек жемісі», т.б жазды. 

Сонымен қатар физика, математика, музыка теориясы саласындағы білімін ұлттық музыка аспаптарын жетілдіру мақсатына пайдаланып, домбыраның үнділігін арттыратын жаңа өлшемдер жасап шықты. Көпшілікке танымал болған «Айгүл» ансамблін ұйымдастырып, эстрадалық жанрдың дамуына да ат салысты.

Қазақ мемлекеттік хор капелласы Байқадамов Бақытжан есімімен аталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары