Екібастұзда жоғалған екі жасөспірім суға батып кетті.
VITA Павлодар қаласының іздеушілер жасағы іздеу жұмысының аяқталғанын мәлімдеді. Балалардың мәйіті табылды. Олар суға түсер алдында заттарын қалдырған орыннан он шақырымдай жерден табылды.
Еріктілер балалардың бірі суға бата бастап, ал екіншісі досын құтқаруға тырысып, ақыры екеуі де көз жұмды деп болжайды. «Отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз», - деп жазды іздеу жасағы Instagram парақшаларында.
Еске салайық, кеше сағат 16:00-де 2005 жылы туған екі оқушы Екібастұздағы жаңа көпірдің жанындағы қазаншұңқырға шомылуға кеткен. Кешкі сағат жеті шамасында олардың заттары жағадан табылды. Іздеуге жүзден астам адам қосылды: полиция қызметкерлері, құтқарушылар және еріктілер.
Pavlodarnews.kz