$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан Азия чемпионатында 8 алтынмен рекорд жаңартты

Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатын 8 алтын, 1 күміс, 1 қоламен аяқтады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бокстан Дубайда өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасында Қазақстан 8 алтын жеңіп алды. Соңғы жекпе-жекте яғни 81 келіден жоғары салмақта Ләззат Күнгейбаева үндістандық Анупаманың осал тұсын тапты, деп хабарлады baq.kz.

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатын 8 алтын, 1 күміс, 1 қоламен аяқтады. Алтын алғандардың қатарында Алуа Балқыбекова (48 келі), Назым Қызайбай (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Милана Сафронова (64 келі), Валентина Хальзова (69 келі), Фариза Шолтай (81 келі), Ләззат Күнгейбаева (+81 келі). Ал 57 келідегі Владислава Кухта күміс, 75 келідегі Марина Вольнова қола жүлдені қанағат тұтты. 

Қазақстан Азия чемпионатының тарихындағы рекордты жаңартып отыр. Бұған дейін құрлық біріншілігінде  ең көп алтын 2005 жылы Үндістанға бұйырған. Ол кезде олар 12 салмақтың жетеуінде топ жарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары