Елімізде балаларына жауапсыз қараған 2 мыңнан астам ата-ана жазаға тартылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жазғы кезең басталып, оқу сабақтар аяқталғаннан кейін балалардың жарақат алу тәуекелі немесе оларға қатысты жасалатын құқыққа қайшы іс-әрекеттер біршама артып кетеді. Жасөспірімдердің немесе оларға қарсы жасалатын қылмыстарға тән негізгі себеп - бос уақыттың ұйымдастырмауы және отбасыдағы қолайсыз жағдай. Полиция есебінде 5 мыңнан астам жасөспірім және 7 мың қолайсыз отбасы тұр», - деді комитет төрағасының орынбасары Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.
Алексей Милюктің дерегінше, жыл басынан бері өз балаларына тәлім-тәрбие беруден жалтарғаны үшін екі мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар шамамен 300-і полицияның өтінішхатымен ата-ана құқығынан айырылды. «Жасөспірімдердің заңды өкілдерінің қарауынсыз үй саналмайтын ғимараттарды және көңіл көтеру орындарында жүргені үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген», - деді ол.