$ 447.4  477.55  4.76

Түркістан-Бішкек рейсі ашылды

Түркістан – Бішкек рейстері А-320 әуе кемесімен аптасына 2 рейс орындалады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

«Fly Arystan» әуе компаниясы түркі әлемінің мәдени астанасынан Қырғызстан астанасы Бішкекке жаңа халықаралық рейсті іске қосады. Түркістан – Бішкек рейстері А-320 әуе кемесімен аптасына 2 рейс (1, 4 күн бойынша) орындалады.

Мәселен, 2021 жылғы 31 мамырда орындалатын алғашқы рейсте Түркістан мен Бішкек қалалары арасындағы орташа коммерциялық жүктеме 60%-дан асады. Осылайша, Ұлы Жібек жолындағы туризмді дамыту орталығы ретінде Түркістан қаласын шет мемлекеттермен байланыстыру жөніндегі міндет дәйекті түрде орындалып келеді.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары