Жаздың алғашқы айы маусым жауын-шашынмен басталады.
«Ауқымды циклон республиканың көп бөлігінде тұрақсыз ауа райын тудырады, найзағай күтіледі. 2 маусымда күндіз батыста, 3 маусымда республиканың солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін. Тек республиканың солтүстік жартысында Солтүстік-Батыс антициклоны сілемінің әсерінен түнде 11...16, кей жерлерде 8, күндіз 21...26, кей жерлерде 18 градус жылы болады деп болжанады», - делінген Қазгидромет таратқан хабарламада.