$ 498.34  519.72  4.85

Алматы әуежайында екі ұшақ соқтығысты

Екі әуе кемесі де Air Astana әуе компаниясына тиесілі.

Алматы әуежайында тіркеп сүйреу кезінде А 320 ұшағы Boeing 767 ұшағын жанап өтті, деп хабарлайды КТК арнасы. 

Екі әуе кемесі де Air Astana әуе компаниясына тиесілі. Әуе компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған оқиға Алматы әуежайында 29 мамыр күні болған.

"Әуе кемесін бортта жолаушыларсыз тіркеп сүйреу кезінде, техникалық жұмыстарды жүргізу үшін, Алматы қаласының әуежайындағы ангардың техникалық тұрағы ауданында А320 ұшағы Boeing 767 ұшағының тұрақтандырғышын шарклетпен жауып тастады. Екі борт та Air Astana-ға тиесілі. Қазіргі уақытта екі әуе кемесінде де жөндеу-техникалық жұмыстар жүргізілуде. Тергеу жүріп жатыр", - деп атап өтті әуе компаниясында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары