$ 494.87  520.65  4.91

«Бомба қойылған»: Павлодарда мектептер мен колледжден адамдарды эвакуациялады

Павлодар полициясына өңірдің 10 мектебі мен бір колледжінде жарылғыш заттар салынғаны туралы хабарлама түскен.
Фото: azattyq.ruhy
Фото: azattyq.ruhy

Павлодарда «бомба қойылған» деген хабарламадан соң мектептер мен колледжден адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, кеше сағат 17: 08-де Павлодар полициясына өңірдің 10 мектебі мен бір колледжінде жарылғыш заттар салынғаны туралы хабарлама түсті.  

«Ғимараттардан адамдарды эвакуациялау жүргізілді. Мектептердің іргелес аумағы қоршалып, оқиға орнында жедел тергеу топтары жұмыс істеуде, - деді полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов. 

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары