Алматының Сайран көлінде жас жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.
Куәгерлердің айтуынша, 31 мамыр күні 25-30 жас аралығындағы ер адам суға түсіп, судан қайтып шықпаған.
Мұның алдында оның жағалауда бір топ адаммен бірге алкогольдік ішімдіктер ішкені айтылады.
Бүгін сүңгуірлер мен қайықтардың көмегімен ер адамның денесі табылып, оның жеке басы анықталуда.