$ 498.51  522.84  4.81

Сәтбаевта екі жасар қыз бала 4-ші қабаттан құлап кетті

Қыз балк ауруханаға жеткізілді.

Сәтбаев қаласында 2 жасар бала терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 маусым күні Сәтбаев қаласында 4-ші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен 2019 жылы туған қыз бала құлап, ауруханаға жеткізілді.

«Толық тексеру жүргізілді, қатты жарақат жоқалмаған. Баланы амбулаториялық емдеуге жібердік», - деді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетсек, жыл басынан бері облыс бойынша баланың терезеден құлауының 8 жағдайы тіркелген. Осыған байланысты құтқарушылар ата-аналардан кішкентай балаларды бақылаусыз қалдырмауды сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары