$ 494.87  520.65  4.91

Беларусьте саяси тұтқын сот кезінде өз-өзін өлтірмек болды (ВИДЕО)

Тор бірден ашыла қоймаған, себебі оның кілті сыртта жүрген бір адамда болған.

Минскіде саяси тұтқын Степан Латыпов сот кезінде өз тамағын орып жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NEXTA Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Ол темір тордың ішінде қарауылшылар жете алмауы үшін орындыққа шығып, мойнына қалам тығып алғаны хабарланды.

"Ал оған дейін "Мен кінәні мойындамасам, ГУБОП туыстарым мен көршілеріме қарсы қылмыстық істер қозғаймын деп уәде берді", - деп айтты", - делінген арнада.

Тор бірден ашыла қоймаған, себебі оның кілті сыртта жүрген бір адамда болған. Ол ашылғанша саяси тұтқын есінен танып үлгерді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары