Сәтбаев қаласында 2 жасар бала терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
1 маусым күні Сәтбаев қаласында 4-ші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен 2019 жылы туған қыз бала құлап, ауруханаға жеткізілді.
«Толық тексеру жүргізілді, қатты жарақат жоқалмаған. Баланы амбулаториялық емдеуге жібердік», - деді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетсек, жыл басынан бері облыс бойынша баланың терезеден құлауының 8 жағдайы тіркелген. Осыған байланысты құтқарушылар ата-аналардан кішкентай балаларды бақылаусыз қалдырмауды сұрайды.