«Қазгидромет» РМК-сы маусымның 2-сі күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кәсіпорынның болжамына қарағанда, 2 маусым күні Қазақстанның басым бөлігі циклонның ықпалында болады. Осыған қарай кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы да ықтимал.
Тек елдің солтүстігінде ғана антициклон жотасының әсерінен күн жауын шашынсыз болаы. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.
Түркістан, таңертең және күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, күндіз шаңды дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.
Ақмола облысының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 м/с-қа жетеді, түнде тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.
Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.
Күндіз Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.
Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе облыстарында, Атырау, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде, Ақмола, Павлодар облыстарының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.