$ 494.87  520.65  4.91

Эпидахуал. 8 өңір «жасыл» аймақта

Ел бойынша 609 адамның жағдайы ауыр.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

2 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды облыстары.

«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2 маусымдағы ақпаратты жариялады.

2 маусымдағы мәлімет бойынша, 26 137 адам коронавирус инфекциясынан (25 556 КВИ+ және 581 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 702 пациент стационарда, 16 435 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 609 адамның жағдайы ауыр,
• 139 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 84 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары