2 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды облыстары. ⠀ «Сары» аймақта: Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. ⠀ «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2 маусымдағы ақпаратты жариялады.2 маусымдағы мәлімет бойынша, 26 137 адам коронавирус инфекциясынан (25 556 КВИ+ және 581 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 702 пациент стационарда, 16 435 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 609 адамның жағдайы ауыр, • 139 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 84 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.