Шарын шатқалында болған қайғылы оқиғаға қатысты екі қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Екі қылмыстық бап (306 - бап 3-б және 141-бап 2-б) бойынша тергеу басталды, - деп атап өтті ведомстводан.
Естеріңізге сала кетейік, 29 мамыр күні Шарын шатқалының төменгі бөлігінде лай көшкіні жүріп, салдарынан 6 адам зардап шегіп, 2 адам қайтыс болған еді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шарын шатқалында қаза болған мұғалімді (марқұм) «Ерлігі үшін» медалімен марапаттаған болатын.